Зерттеулер

Қазақстандық отбасылар – 2022 ұлттық баяндамасы

Ұлттық баяндаманы дайындау шеңберінде ҚҚДИ Қазақстанның 17 өңірінде, қалалық және ауылдық жерлерде 1200 адамды іріктей отырып әлеуметтанулық зерттеу, жаппай сауалнама жүргізді. Үй шаруашылығындағы респонденттерді іріктеу квота әдісі бойынша (гендерлік тиістілігі, жасы) жүзеге асырылды. ҚР СЖРА ҰСБ деректері негізінде іріктеу жиынтығы 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша мынадай параметрлермен есептелді: облыс/республикалық маңызы бар қала, гендерлік тиесілігі, респонденттердің жасы, елді мекеннің түрі (қала/ауыл). Сондай-ақ, ҚҚДИ жүргізген «Ажырасу және оның салдары» (2021 ж.), «Азаматтық неке Қазақстандағы  неке –отбасы қатынастарының моделі/түрі ретінде» (2022 ж.), «Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің қоғамдағы әлеуметтік интеграциясы және бейімделуі (2022 ж.), «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» (2022) әлеуметтанулық зерттеулерінің деректері пайдаланылды

Зерттеудің мақсаты отбасы институты саласындағы негізгі проблемалар мен трендтерді анықтау және
Қазақстан Республикасында отбасы саясатын жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Баяндама 4 тараудан тұрады, олардың әрқайсысында бірнеше кіші бөлімдер бар. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының отбасылық саясатты іске асырудағы ағымдағы жағдайының талдауы, заңнама саласындағы проблемалар, мемлекеттік институттардың, сондай-ақ Отбасын қолдау орталықтарының қызметі зерделенді. Екінші тарауда осал отбасыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды. Үшінші тарауда қазақстандық отбасылардың ата-ана болу әлеуетін қалыптастыру және балаларды тәрбиелеу ерекшеліктеріне талдау жасалды. Баяндаманың соңғы тарауында отбасы институтының өзгеруін, сондай-ақ отбасы саясатын іске асырудың халықаралық тәжірибесі, бала тәрбиесіне тартылған әке болуды дамыту мәселелері және әйелдер мен отбасы институтының сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға ықпал етуіне талдау жасалған. Отбасы саясаты саласында қалыптасқан ахуалды талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға, БАҚ-қа, ҮЕҰ-ға, Отбасын қолдау орталықтарына және өзге де ұйымдарға ұсыныстар әзірленді.

Қазақстандық отбасылар ұлттық баяндамасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button