Ынтымақтастық

1. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдар

Ынтымақтастық

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ бірлесіп, ұйымдастырған «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Іс-шара аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты арасындағы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

2. Нұр-Сұлтан халықаралық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен 2ГИС.Нұр-Сұлтан халықаралық компаниясының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Енді Нұр-Сұлтан қаласының сакралды нысандарын 2ГИС-тен табуға болады. Елорданың 18 сакралды нысаны картаға енгізіліп, ол жерде табиғи, тарихи және өзге де маңызды нысандар жөнінде ақпарат жарияланып отыр.  «Қызықты жерлер» атты бөлімді таңдап, ол жерден нысандар туралы ақпаратпен қатар, фотосуреттерді, пайдаланушылардың пікірлерін де көруге болады, – делінген хабарламада.

3. Серіктестік туралы келісім. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық.

 

4. Серіктестік туралы келісім. «Saryarqa aqparat» ЖШС.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында кеңінен тарату және танымалдылықты кеңейту.

 

5. Серіктестік туралы келісім. «TEMA RETAIL KZ» (ТЕМА РЕТЭЙЛ КЗ) ЖШС.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Қазақстан халқының ұлттық-мәдени тамыры тірегінің бірі болып табылатын қазақтың аты аңызға айналған ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясындағы ынтымақтастық.

 

6. Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайымен ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық

 

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Соның аясында келесі жылы елордалық оқушылар үшін жеке өсу мектебін іске қосу жоспарлануда.

Жеке өсу мектебі – 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру және оларды «Рухани жаңғыру» қағидаттары негізінде өзін-өзі таныту бойынша білім беру жобасы.

Бағдарламаның бірегейлігі – оқыту жүйесі ойын тәжірибесін (геймификация) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқуға қазақ және орыс тілді мектептердің оқушылары тартылады. Бастапқыда жоба пилоттық үлгіде елордалық Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының базасында жүзеге асырылмақ. Кейін сәтті іске жүзеге асып, жемісін бере бастаған соң жоба одан әрі өңірлерге қарай көшіріледі.

 

7. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және табысты жүзеге асыру бағытында «Тұран-Астана» университетімен ынтымақтастық туралы меморандум

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайға апарар жол» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен «Тұран-Астана» университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті. Аталмыш меморандум «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және табысты жүзеге асыру, оның әдіснамалық және ғылыми-зерттеу негізін нығайту саласында өзара тиімді серіктестікті орнатуға негіз болады. Атап айтқанда, қос тарап жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау мақсатында бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, тағы басқа іс-шаралар өткізіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттарын одан әрі дамыта түседі.

 

8. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасында меморандумға қол қойылды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар қоры меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық шеңберінде жасөспірімдер мен жастарды қолдауға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда.

Меморандумға сәйкес тараптар Қазақстандағы жастар саясатын дамыту, жастар ресурстық орталықтарының қызметін одан әрі дамыту және жетілдіру, жасөспірімдер мен жастардың дағдысы мен құзыретін қалыптастыру бойынша орнықты модельдер құру, жастар қызметкерлерін оқыту және жастар ресурстық орталықтарын көбейту, белсенді серіктестік пен менторлық қолдауды көтермелеу, сондай-ақ зерттеу жұмыстарын жүргізуде ынтымақтастық сияқты түйінді бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасасуға және күш-жігерін кооперациялауға уағдаласты.

Back to top button