Қоғамдық процестерді зерттеу орталығы

Азаматтық қоғамды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын зерттеу.

Азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз жұмыс байланыстарын орнату (отандық және халықаралық ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықтар, қоғамдық кеңестер). Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ, ҚБ, ОС) өкілдерінің мемлекеттік билік органдарымен өзара түсінуін және өзара іс-қимылын жақсартуға жәрдемдесу. Азаматтық қоғамның түрлі жобаларын (заңнамалық тұжырымдамалар, жұмыс топтары және т.б.) әзірлеуге және сараптауға қатысу.     Консультациялық және сараптамалық кездесулерді, пікірталас алаңдарын, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Азаматтық қоғамды дамыту бойынша аналитикалық баяндамаларды, ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау.

Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының жетекшісі – Елубаев Риззат Берікұлы. 

1992 жылдың 15 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында (Ақжар ауданы, Айсары ауылы) дүниеге келген.

Білімі:

2010-2014 жж: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті («Халықаралық қатынастар», бакалавриат);

2014-2017 жж: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті («Мемлекеттік және жергілікті басқару», магистратура);

2021 – қ.у.д.: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті («Саясаттану», докторантура).

Жұмыс тәжірбиесі:

2012-2013: Көкшетау қаласы «№2 орта мектебі» ММ-сі, «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі, дебат технологиялары бойынша жаттықтырушы.

2014-2021: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі м.а.

2022-о.у.д.: «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ҚеАҚ, сарапшы-менеджер, Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы.

Қосымша оқу және біліктілікті арттыру, жарияланымдар:

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінде, РФ Сыртқы істер министрлігінде (Мәскеу қ.), Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығында (Душанбе қ.) кәсіби тағылымдама, Әулие Клемент Охридский атындағы София университетінде ғылыми тағылымдама (София қ., Болгария).

30-дан астам ғылыми мақала авторы және 3 оқу құралының со-авторы.

Тілдер: Қазақ тілі ана тілі (Qazaq Resmi Test C1, 2021), орыс тілі жетік, ағылшын тілі upper-intermediate B2 IELTS 6,0 (2017), TOEFL ITP 477 (2021).

Кәсіби (ғылыми) қызығушылықтар аясы: Еуразияшылдық, әлемдік интеграция үрдістері, қақтығыстарды басқару, көпжақты дипломатия, геосаясат, этникалық және діни толеранттылық негіздері, ұлттық қауіпсіздік, тарихи процестер, аймақтық саясат, ішкі қоғамдық-саяси процестер.

Қосымша ақпарат:

«СҚО Білім басқармасы» ММ «Озат түлек-2010» атаулы ерекшелік белгісінің иегері; Кәсіби пікірсайысшы, халықаралық және республикалық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы; Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев атындағы сыйлықтың лауреаты; «В. Зайберт атындағы Үздік жас археолог» сыйлығының лауреаты; ҚР Жоғарғы басшылығынан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан алғыс хаттары бар.


Байланыс:

8-7172-79-32-23

Back to top button