Жаңалықтар

Журналистика саласында оқитын студенттер мен магистранттарға арналған тағылымдама басталды

2023 жылғы 24 шілде – 24 тамыз аралығында медиа және коммуникация саласында оқитын студенттер мен магистранттарға арналған тағылымдама өтеді. Бүгін іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, «Egemen Qazaqstan» газетінің интернет-редакция жетекшісі Қуат Әуесбай, «Хабар Агенттігі» АҚ өкілі Гүлім Кушетова және «QazContent» АҚ-дан Ақбота Бағаева қатысты.

Журналистика саласында оқитын студенттер мен магистранттарға арналған тағылымдама басталды

Тағылымдаманың мақсаты – ЖОО-ның журналистика саласында оқитын магистранттары мен студенттеріне тәжірибе жинау алаңын ұсынып, кәсібилігін арттырып, шығармашылығын шыңдауға ықпал ету.

Тағылымдамаға конкурс комиссиясы іріктеген 25 жас маман қатысады. Олар еліміздің 11 өңіріндегі 13 ЖОО-ның студенттері арасынан таңдалып алынды.

Журналистика саласында оқитын студенттер мен магистранттарға арналған тағылымдама басталды

Айта кетейік, қатысушылар тағылымдамадан «Хабар Агенттігі» АҚ, «Qazaqstan» АҚ, «QazContent» АҚ, «Qazaq gazetteri» ЖШС медиахолдингтерінде өтеді.

Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button