Жаңалықтар

Медиа және коммуникация саласы түлектеріне арналған тағылымдама

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Қазақстандық қоғамдық даму институты MediaLab орталығының  ұйымдастыруымен өтетін медиа және коммуникация саласы  түлектеріне арналған тағылымдаманың іріктеу кезеңі аяқталды. Өтініш қабылдау кезеңі 2023 жылғы 26 мамырдан 6 шілдеге дейін жалғасты.

Іріктеу кезеңіне еліміздің 13 өңіріндегі 15 ЖОО-ның студенттері мен түлектерінен өтініш қабылданды. Олардың арасынан 25 жас маман іріктеліп,  тағылымдамаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Қатысушылардың тізімін мына сілтемеден көруге болады:  https://docs.google.com/document/d/19-1hvbhnEwK7anoG-k4xrV5xvzFg7kc6/edit?usp=drive_link&ouid=113165406775096092979&rtpof=true&sd=true

Тағылымдамаға өткен қатысушыларды құттықтаймыз! Қызығушылық танытып, белсенді қатысқан үміткерлерге алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, тағылымдама Астана қаласында 24 шілде мен 24 тамыз аралығында «Хабар Агенттігі» АҚ, «Qazaqstan» АҚ, «QazContent» АҚ және «Qazaq gazetteri» ЖШС ұйымдарында өтеді.

Тағылымдама мақсаты – медиа және коммуникация бағытында білім беретін ЖОО-ның магистранттары мен студенттеріне тәжірибе жинау алаңын ұсына отырып, кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button