Жарғылық капиталдың құрылымы

Қаржылық есептілік деректеріне сәйкес қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер:

қоғамның жарғылық капиталы туралы мәліметтер – 135 231 000 (жүз отыз бес миллион екі жүз отыз бір мың) теңге;

Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:

есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша түрлері бойынша орналастырылған және орналастырылмаған акциялардың саны-129 017 (бір жүз жиырма тоғыз мың он жеті) дана жай акциялар;

түрлері бойынша бөлінген есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны-129 017 (бір жүз жиырма тоғыз мың он жеті) дана жай акциялар, артықшылықты акциялар жоқ.

Акцияларды орналастырудың есепті кезеңінде акцияларды орналастыру (өткізу) тәсілдері:

акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын, төлем сомасын көрсете отырып құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін) – 135 231 (жүз отыз бес мың екі жүз отыз бір) дана жай акция, акцияның номиналды құны – 1 000 (бір мың) теңге, төлем сомасы – 130 064 000 теңге сомасындағы ақшамен және бағалау сомасы 5 167 000 теңгені құраған өзге мүлікпен («Жастар «ҒЗО» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесі 100%)

акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша – басымдықпен сатып алу құқығы бойынша акцияларды орналастыру жүзеге асырылмады;

жазылу арқылы (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықтарда) – акцияларды орналастыру берілген тәсілмен жүзеге асырылмады;

акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы- берілген тәсілмен акцияларды орналастыру жүзеге асырылмады;

аукцион арқылы – акцияларды берілген тәсілмен орналастыру жүзеге асырылмады;;

аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудiң жалпы сомасын көрсете отырып, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында – акцияларды берілген тәсілмен орналастыру жүзеге асырылмады;

айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды не қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастауды жүргізу күнін көрсете отырып, қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын көрсете отырып)- акцияларды орналастыру ьерілген тәсілмен жүзеге асырылмаған.

Жалпы ақпарат

ҚҚДИ КеАҚ-қа мемлекеттік тапсырмаларды орындау үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінеді, 2019 жылы Қоғам АҚДМ-нан 4 мемлекеттік тапсырма бойынша жалпы сомасы 941 656 мың теңгеге қызметтерді орындады:

– 007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» республикалық бюджет бағдарламасы бойынша 184 891 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма,

– 001 «Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджет бағдарламасы, 103 «Әлеуметтанулық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету» кіші бағдарламасы бойынша 210 080 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма,

– 001 «Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджет бағдарламасы, 103 «Әлеуметтанулық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету» кіші бағдарламасы бойынша 146 813 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма,

– 001 «Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджет бағдарламасы, 124 «Қоғамдық сананы жаңғырту саласында іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы бойынша 399 872 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма.

2020 жылы Қоғам жалпы сомасы 1 818 909 мың теңгеге АҚДМ-нан 4 мемлекеттік тапсырма бойынша қызметтерді орындауда:

– 001 «Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджет бағдарламасы, 103 «Әлеуметтік, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету» кіші бағдарламасы бойынша 112 611 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма,

– 001 «Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджет бағдарламасы, 124 «Қоғамдық сананы жаңғырту саласында іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы бойынша 114 196 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма,

– 001 «Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджет бағдарламасы, 124 «Қоғамдық сананы жаңғырту саласында іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы бойынша 528 500 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма,

– 001 «Қоғамдық даму саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджет бағдарламасы, 124 «Қоғамдық сананы жаңғырту саласында іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы бойынша 1 063 602 мың теңге сомаға мемлекеттік тапсырма.

Back to top button