Зерттеулер

Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары бірігіп дайындаған «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі нұсқаулық» еліміздегі балалар мәселесіне бей-жай қарамайтын мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, осы тақырыпқа алаңдаушылық танытатын барша қоғам өкілдері мен зерттеушілерге көмекші құрал ретінде дайындалған.

Аталмыш нұсқаулықта бала құқығы мен қауіпсіздігі мәселесімен айналысатын белді халықаралық ұйымдар мен институттардың соңғы зерттеулері мен әдістемелік еңбектерінің нәтижелері ескерілді. Сонымен қатар, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы және гендерлік саясат орталығы дайындаған Ұлттық баяндама мен зерттеулердің нәтижелері, құқық қорғау органдарының деректері қолданылды.

Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі нұсқаулықтың басты мақсаты – еліміздің әрбір азаматына, оның ішінде ата-аналарға, туыстары мен жақындарына балаларға жасалатын зорлықтың алдын алу, оған қарсы әрекет ету, осындай қылмыс болған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі жөнінде практикалық ұсыныстар беру.

Балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық – Қазақстанда шұғыл назар аударуды талап ететін өткір әлеуметтік проблема. Нұсқаулық статистикалық деректерді, қылмыскердің бейнесін, ата-аналарға арналған кеңестер мен көршілерге, туыстар мен куәгерлерге ұсыныстарды қоса алғанда, Қазақстандағы балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты негізгі аспектілерді қамтып отыр. Бұл балаларды оқыс жағдайдан қорғауда кез келген адам үшін құнды ресурс болады және жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күш біріктіруге септігін тигізеді.

Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі нұсқаулық

Басқа жаңалықтар

Back to top button