Зерттеулер

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің қоғамға әлеуметтік интеграциясы және бейімделуі талдамалық баяндама – 2022

Бұл әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың түлектерін әлеуметтік бейімдеу процесін зерделеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Зерттеу нысаны 18-40 жас аралығындағы балалар үйлерінің, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының түлектері болып табылады

Осы зерттеуде біз мынадай мәселелерді: Интернаттық мекемелердегі балалардың психоэмоционалдық дамуының ерекшеліктері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтық мәртебесі, білім беру, жұмысқа орналастыру, жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, балалар үйі түлектері жасайтын қылмыстық құқық бұзушылықтарының, суицид әрекеттерінің себептері мен салдары және Қазақстандағы балалар үйлерінің түлектерін бейімдеу бойынша ҮЕҰ мен қайырымдылық қорларының тәжірибелері туралы қарастырамыз.

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің қоғамға әлеуметтік интеграциясы және бейімделуі талдамалық баяндама – 2022

Басқа жаңалықтар

Back to top button