Зерттеулер

Жаңа Қазақстанның құндылық бағыттары: заманауи сын-қатерлер

Жаңа Қазақстанның құндылық бағыттары: заманауи сын-қатерлер (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары бойынша мақалалар жинағы) – Нұр-Сұлтан: Қазақстандық қоғамдық даму институты», 2022. – 200 б.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамды жаңғыртудың қажетті шарты ретінде құндылық бағдарларын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Осылайша, әрбір қазақстандықтың жеке құндылықтарына негізделген қоғамдық құндылықтарды қалыптастыру бойынша берілген бағытты жалғастыруға нұсқау берілді. Соңғы жылдары атқарылған жұмыстар өз нәтижесін берді, бұл ретте ағымдағы қоғамдық саяси жағдайды ескере отырып, оны қайта іске қосу қажет.

Жинақта Қазақстан Республикасы мен шет елдердің ғылыми-талдау қоғамдастығы өкілдерінің заманауи сын- қатерлерді ескере отырып, құндылық бағдарларын қалыптастыру, нығайту және дамыту мәселелері бойынша мақалалары мен сөйлеген сөздері жарияланған.

Ұсынылған мақалалар авторлық редакцияда жарияланады, баяндамалардың ғылыми мазмұны, баяндау стилі мен сауаттылығы үшін авторлар жауапты болады.

Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

Жаңа Қазақстанның құндылық бағыттары заманауи сын-қатерлер

Басқа жаңалықтар

Back to top button