Зерттеулер

Ерлі зайыптылардың ұрыс-керіс жағдайында өздерін ұстау моделі

«Ерлі-зайыптылардың ұрыс-керіс жағдайында өздерін ұстау моделі» тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу қорытындысы бойынша талдамалық баяндама/Нұр-Сұлтан қ.: «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, 2022 ж. – 130 б.

«Ерлі-зайыптылардың ұрыс-керіс жағдайында өздерін ұстау моделі» әлеуметтанулық зерттеуі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілді. Зерттеудің эмпирикалық негізін некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында, сондай-ақ отбасылық қатынастар мен отбасылық ұрыс-керіс саласындағы сарапшылар арасында жүргізілген терең сұхбат деректері құрады. Зерттеу отбасының өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін (сатыларын) және олардың психологиялық мазмұнын, некедегі дағдарыстық жағдайлардың негізгі кезеңдерін және ұрыс-керіс жағдайындағы ерлізайыптылардың мінез-құлық үлгілерін зерттеуге, сондай-ақ отбасылық саясат саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған.

Мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, қалың жұртшылық, зерттеушілер, осы тақырып бойынша жұмыс істейтін мамандар және барлық мүдделі тараптарға ұсынылады.

Ерлі зайыптылардың ұрыс-керіс жағдайында өздерін ұстау моделі

Басқа жаңалықтар

Back to top button