Зерттеулер

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама-2021

«Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама-2021» Қазақстандағы қоғамдық кеңестер институтының жағдайын талдауға арналған.

Баяндамада әлеуметтік зерттеулер мен терең сұхбаттардың нәтижелері, SWOT-талдау, 2016-2021 жылдар
аралығындағы кезеңде қоғамдық кеңестердің дамуына талдау ұсынылған, ЭЫДҰ ұсынымдарын орындау
мән-мәтініндегі өзгерістер қаралды, қоғамдық кеңестер қызметінің сандық және сапалық аспектілеріне,
нормативтік-құқықтық актілерге, қызметтің құқықтық негіздерінің проблемалық аймақтарына талдау ұсынылды, БАҚ-ғы қызметтерін жариялауға баға берілді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, халықпен өзара іс-қимыл жасау бөлігінде жұмысты жетілдіру үшін бірқатар ұсынымдар ұсынылды. Баяндамада қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуының сипаттамасы және әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде қоғамдық кеңестердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау тетіктері көрсетілген, сондай-ақ жергілікті және республикалық деңгейлерде қоғамдық кеңестер қызметіндегі оң практикалар мен проблемалық мәселелер анықталған.

Ұлттық баяндама қоғамдық кеңестерге, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ Қазақстандағы қоғамдық кеңестер институтын дамыту мәселелерін зерттейтін барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға арналған. Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалды.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама-2021

Басқа жаңалықтар

Back to top button