Зерттеулер

«Ажырасу және оның салдары» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша талдамалық есеп

Талдамалық есепте ажырасудың жоғары деңгейіне талдау және терең сұхбат арқылы жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері ұсынылған: ажырасудың себептері мен факторлары айқындалды, ажырасудың некеге дейінгі белгілері, ажырасудың теріс және оң салдары анықталды, ажырасудың қоғам, ересектер мен балалар үшін салдары зерттелді, ерлер мен әйелдердің некеден кейінгі мінез-құлқы, сондай-ақ ерлердің бала тәрбиесіне қатысу дәрежесі талданып, ұсыныстар жасалды және ажырасудың жоғары деңгейін реттеудің халықаралық тәжірибесі сараланды.

Әлеуметтанулық зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен жүргізілді. Талдамалық есеп мемлекеттік қызметкерлерге, зерттеушілерге, қоғамдық ұйым өкілдеріне және барлық отбасылық саясат мәселелеріне қызығушылық танытқандарға арналған.

«Ажырасу және оның салдары» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша талдамалық есеп

Басқа жаңалықтар

Back to top button