Зерттеулер

2020 «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАР» ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫ

«Қазақстандық отбасылар – 2020» ұлттық баяндамасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен әзірленді.

Ұлттық баяндама отбасылық-демографиялық саясатты дамытудың ұлттық және халықаралық тәжірибесі, қазақстандық отбасылардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы, отбасы денсаулығын қорғау, қазақстандық отбасылардың әл-ауқаты, көп балалы отбасылардың жай-күйі мен дамуы, балаларды тәрбиелеу және қоғамдық жаңғырту процесінде отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін зерделеуге арналған.

Баяндама отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі нормативтік құқықтық базаға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне, мемлекеттік органдардың деректеріне, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ әлеуметтанулық зерттеулері мен сараптамалық сауалнама нәтижелеріне негізделді.

Басылым әлеуметтанушыларға, саясаттанушыларға, әлеуметтік қызметкерлерге, отбасын қолдау орталықтарының, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық қорларының, дағдарыс орталықтарының өкілдеріне, әлеуметтік саясат, отбасы, отбасылық және гендерлік саясат, ана мен бала, адам құқықтары мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге арналған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button