Зерттеулер

Медиация даулар мен қақтығыстарды шешу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс деңгейін азайту тәсілі ретінде

Осы құжат «Медиация даулар мен қақтығыстарды шешу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс деңгейін азайту тәсілі ретінде» кабинеттік зерттеу нәтижесі бойынша дайындалған талдамалық есеп болып табылады.

Зерттеуді «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты 2020 жылғы 30 қаңтардағы №2020-12-ГЗ шартты орындау мақсатында іске асырды.

Зерттеуде медиация саласындағы шет елдердің тәжірибесі сипатталған, осы тәжірибені Қазақстанның шынайы өмірінде қолдану бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар берілген, даулар мен қақтығыстарды шешудің тәсілдері ретінде кейстер әзірленген, оқыту ұйымдарына талдау жасалған.

Зерттеу нәтижелері медиаторларға, медиация техникаларын зерттеуге мүдделі адамдарға, медиаторлар мен соттарды оқытатын ұйымдарға арналған.

Зерттеу тобы ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетіне, сарапшы медиаторларға зерттеуді ұйымдастыруға қатысқаны және көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Зерттеудің мақсаты – қақтығысты шешудің баламалы тәсілдерін (кейстерін) іздеу, даулар мен қақтығыстарды шешу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендету үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.

Сот процедурасына қарағанда медиация позицияларды қорғаудан гөрі мүдделерді анықтауға және келісуге және өткен оқиғаларды талдаудың орнына болашақты талқылауға бағытталған.

Зерттеудің міндеттері:

1) Қазақстандағы медиацияның қазіргі жай-күйін бағалау;

2) медиаторларды оқытуды жүргізетін ұйымдарды талдау;

3) медиациялық техникалар арқылы қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайту бойынша практикалық ұсынымдар мен ұсыныстар;

4) медиация кезінде қолданылатын гибридті техникаларды талдау.

Зерттеу әдістері: – кабинеттік зерттеулер (ашық дереккөздерден алынған материалдарды жинау және талдау).

Жүргізу мерзімі: зерттеу бойынша ақпаратты жинау 2020 жылғы ақпан маусым айларында жүргізілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button