Зерттеулер

Қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы форсайттық зерттеулердің нәтижелері туралы МАТЕРИАЛДАР

Қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы форсайттық зерттеулердің нәтижелері туралы материалдарды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ дайындады. Форсайттық зерттеулер Rapid Foresight әдіснамасы негізінде жүргізілді, бұл оның қатысушыларына болашаққа қатысты болжам жасауға, оған жету жолдары мен болашақ туралы түсініктерін жүзеге асыру үшін көпшілікті біріктіруге, сондай-ақ зерттелетін зерттеу саласында болашақ орта мерзімді перспективаның сценарийлерін жасауға мүмкіндік береді.

Бұл материалдарда «Болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру», «Инклюзивті дүниетаным мен инклюзивті қоғамды қалыптастыру» және «Халықаралық аренадағы Қазақстан» бағыттары бойынша өткізілген форсайт сессияларының нәтижелері жинақталған.

Форсайт-сессияларда белгіленген салалардағы трендтер, қауіптер, мүмкіндіктер мен перспективаларды сараптамалық талқылау, сондай-ақ, зерттеу саласында болашақтың бейнесін жасау жұмыстары жүзеге асты. Форсайт-сессияларға ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес сектордың өкілдері, белгіленген салаларда практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар белгіленген бағыттар бойынша Қазақстан бейнесінің пайымын әзірлеп, ары қарай қолдануға ұсынды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button