Сарапшылар бағаны

Суперпрезиденттік кездегі олқылықтар жойылады

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазыбек Майгелдинов:

Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметтер мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруға тыйым салу алдағы уақытта президент айтқан непотизмді жою және қандай да бір олигархаттың пайда болуының алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Бұған дейін президент бизнесмендермен кездесу кезінде еліміздегі бар байлықтың қомақты үлесі 162 адамның ғана еншісінде екенін айтып өткен болатын. Бұл еліміздегі қаржы ресурстарының, байлықтың тепе-тең үлестірілмегенін көрсетеді. Мұның барлығы суперпрезиденттік кезде болған олқылықтарды жою мақсатында жүргізіліп отыр.

 

Мәжіліс ендігі күні заңды қабылдаушы орган болады, бұған дейін бұл Сенаттың құзыретінде болған. Нәтижесінде, Мәжілістің құзыреті күшейейін деп отыр. Одан кейін мәслихаттардың рөлін күшейту, саяси партияларды тіркеуді күшейтуге байланысты нормаларға өзгерістер енетін болады. Жалпы президенттік өкілеттікті шектеу, біріншіден, ол өкілеттікті Парламентке көбірек беру, яғни Парламентті және жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту мақсатында жасалып отыр.

baq.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button