Сарапшылар бағаны

Сайлауда Қазақстан халқының сенім мандаты алынды

Бауыржан Серікбаев – Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Бәріне қарсы» — 5,80%. Қазақстан халқы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған реформаларына, сайлауалды бағдарламасына, алдағы 7 жылда президент атқарғалы отырған бастамаларға қолдау білдіріп өз таңдауын жасады. Мықты саяси тұлға жеңіске жетті. Халқымыз елдің болашағын мемлекет басшысына сеніп тапсырды. Геосаяси ахуал күрделі кезеңде ел тізгінін ұстауға лайықты тұлға деп Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Бұл факт!

 

Сайлауда Қазақстан халқының сенім мандаты алынды деуге толық негіз бар. Ендігі міндет – алдағы 7 жылда елдің сенімін ақтау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. Бүгін, міне 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет» деп атап өтті. Әділетті Қазақстанды халқымызбен бірге құратын тарихтың жаңа парағы, жаңа дәуірі ашылды. Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы келесі кезеңге халқымызбен бірге қадам бастық. Еліміз үшін табысты, берекелі, ынтымағы жарасқан, мемлекеттік мүддеге ұйысқан, жасампаз қоғамы дамыған ел болуды жазсын!

Толығырақ: baq.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button