Сарапшылар бағаны

Инновация – экономиканы дамытудың драйвері

Бауыржан Серікбаев – Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Жаһандану заманында елдің нарықтық-экономикалық әлеуетін жақсартқан маңызды. Бұл инновацияны дамыту процесінде кешеуілдеп қалуға болмайтынын білдіреді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO – World Intellectual Property Organization)жыл сайын әлем елдерініңинновациялық даму индексін жариялайды. Зерттеу 132 мемлекеттің инновациялық экожүйесінің көрсеткіші мен соңғы жаһандық тенденцияларда бақылайды

 

Қазақстанның көрсеткіштеріне келетін болсақ, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылы еліміздің 28,2 мың компаниясының 3 мыңында ғана жаңа инновациялар болған. Белсенділік деңгейі – 10,5%. Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш астаналық компанияларға тиесілі – 13,5%. Үздік үштікке Қарағанды (13%) және Ақтөбе (12,5%) облыстары кіреді. Ал инновациялық дамудың ең төмен деңгейі Павлодар облысының кәсіпорындары арасында тіркелді: небәрі 5,2%

 

Сондықтан Қазақстанның инновациялық саясаты жаңа технологияларды ойлап табу, әзірлеу, игеру, ғылыми-техникалық әлеуетті күшейту, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, халықаралық стандарттарды меңгеру және кәсіпкерлік секторды қалыптастыру мәселелеріне бағытталуы керек

Толығырақ: baq.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button