Сарапшылар бағаны

Нағыз бәсекелестіктің уақыты келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов «Sarap» эксперттік клубының отырысында хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа саяси реформалар саяси трансформацияның логикалық жалғасы болып табылады.

Президенттің өкілеттігін шектеу – президенттік өкілеттіктердің шамадан тыс болуынан бас тартудағы маңызды қадам. Бұл отбасылық-рулық бөлінудің және қандай да бір жаңа олигархияның пайда болуына жол бермеуге деген сигнал сияқты. Сонымен қатар сайлау процесін жетілдіру, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен ашықтығы, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру туралы айтылды, – деп атап өтті институт басшысы.

Сондай-ақ ол Президент Жолдауының негізгі аспектілеріне тоқталды.

Елімізде көппартиялық жүйе мен пікірлер плюрализмін дамыту үшін заңнамалық деңгейде нақты алғышарттар жасалуда. Бұл барлық партияларға билік үшін күресте, сайлаушылармен жұмыс атқаруда нағыз бәсекелестік уақыты келгенінің  белгісі, – деді Қазбек Майгелдинов.

baq.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button