«MediaLab» орталығының Зерттеу және сараптама бөлімінің жоба менеджері
«MediaLab» орталығының Зерттеу және сараптама бөлімінің жоба менеджері лауазымына мынадай талаптар белгіленеді:
- Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
- Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес;
2) Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін жалпы жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтау («Болашақ» бағдарламасы);
4) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы;
5) лауазымның ерекшелігі бойынша халықаралық үлгідегі сертификат болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес.
- Тілдерді білу: мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгергені, шет тілдерін білуі, оның ішінде ағылшын тілін білгені абзал.