Вакансиялар

Қоғаммен байланыс басқармасының пресс-менеджері

Қоғаммен байланыс басқармасының пресс-менеджері лауазымына мынадай талаптар белгіленеді:

  1. Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
  2. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 (жыл) жылдан кем емес;

2) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жалпы жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтау («Болашақ» бағдарламасы);

4) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы;

5) лауазымның ерекшелігі бойынша халықаралық үлгідегі сертификат болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес;

3.тілдерді білу: мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгергені, шет тілдерін білуі, оның ішінде ағылшын тілін білгені абзал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button