Вакансиялар

«MediaLab» орталығының Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы (уақытша лауазым)

«MediaLab» орталығының Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы лауазымына мынадай талаптар белгіленеді:

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.
  2. мынадай құзыреттердің болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
  3. Ғылыми басылымдардың болуы.
  4. жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2)  Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар үшін  5 (бес) жылдан кем емес жалпы жұмыс өтілі;

3)  ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтау («Болашақ» бағдарламасы);

5) лауазымның ерекшелігі бойынша халықаралық үлгідегі сертификат болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес.

  1. Тілдерді білу: мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу, оның ішінде ағылшын тілін меңгерген абзал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button