Вакансиялар

Бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына мынадай талаптар белгіленеді:

  1. Білімі: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  2. Мынадай құзыреттердің болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.
  3. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5  (бес) жылдан кем емес;

2) Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін жалпы жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтау («Болашақ» бағдарламасы);

3) лауазымның ерекшелігі бойынша халықаралық үлгідегі сертификат болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес.

4. Тілдерді білу: мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button