Нұрмаханов Еркебұлан Нұрланұлы

Нұрмаханов Еркебұлан НұрланұлыБасқарма Төрағасының орынбасары

Қаржы-шаруашылық қызметіне, даму жоспарын қалыптастыруға және Қоғамдастықтың қаржылық тұрақтылығын қолдауға жетекшілік етеді. Қаржы ресурстары мен активтерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, келесі бағыттардың жұмысын үйлестіреді: бухгалтерия, бюджеттік жоспарлау, HR және құжаттамалық қамтамасыз ету, құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу, әкімшілік қамтамасыз ету және еңбекті қорғау.

Еркебұлан Нұрланұлы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін “Әлемдік экономика” мамандығы бойынша бітірген, Ресей халықтар достығы университетінде “Заң” мамандығын тәмамдаған. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының аясында Ливерпуль университетінде Қаржы магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын жеке секторда экономист, қаржыгер ретінде бастаған. ҚР Қаржы министрлігінде хатшы, сарапшы, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудитор, сондай-ақ Қазақстандық қоғамдық даму институты Ішкі аудит қызметінің басшысы болған.

ҚР мемлекеттік аудиторы сертификаты мен Қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептік стандарттағы ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) сертификатының иегері.

Back to top button