Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев

Олжас Түсіпбекұлы БейсенбаевБасқарма Төрағасының орынбасары

Әлеуметтік зерттеулер, Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер, Қоғамдық процестерді зерттеу орталықтарының жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді. Мемлекеттік тапсырманың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Қоғамның Даму жоспарының орындалуын, жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қоғам қызметінің басым бағыттары бойынша Даму стратегиясы мен өзге де құжаттардың орындалуын ұйымдастырады.

Бұған дейін Қазақстандық қоғамдық даму институтының Сараптамалық талдау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Олжас Түсіпбекұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Шығыстану» мамандығын үздік тәмамдап, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Шығыстану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алған. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының PhD бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеумен айналысты.

Еңбек жолын «Астана қаласы» Алматы ауданы әкімінің аппараты» ММ ішкі саясат бөлімінің қоғамдық қызметкері болып бастаған. Содан соң «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Шығыстану кафедрасының оқытушысы, «ҚазАқпарат» ХАА жанындағы «strategy2050.kz» порталының талдаушысы, Назарбаев Университеті ғылыми орталығының зерттеуші-талдаушысы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Бағдарлама жобалары басқармасының сарапшы-менеджері қызметтерін атқарған.

Президенттік жастар кадрлық резервінің (2021 жылдан бері) және ҚР Сенаты жанындағы Жас эксперттер клубының мүшесі. Отандық және халықаралық басылымдарда 20-дан астам ғылыми мақаласы жарияланған.

Back to top button