Жаңалықтар

Жас журналистерге арналған Media Bootсamp жазғы мектебі қатысушыларының тізімі жарияланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Қазақстандық қоғамдық даму институты MediaLab орталығының  ұйымдастыруымен өтетін жас журналистерге арналған Media Bootсamp жазғы мектебіне қатысушыларды іріктеу кезеңі аяқталды. Өтініш қабылдау кезеңі 2023 жылғы 29 мамырдан 10 маусымға дейін жалғасты.  

Жас журналистерге арналған Media Bootсamp жазғы мектебі қатысушыларының тізімі жарияланды

Іріктеу кезеңіне еліміздің 13 өңіріндегі 20 ЖОО-дан 98 білім алушының өтініші қабылданды. Олардың арасынан 50 жас маман іріктеліп,  жазғы мектепке қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

Қатысушылардың тізімін мына сілтемеден көруге болады:  Media Bootcamp жазғы мектебі қатысушыларының тізімі

Media Bootсamp жазғы мектебіне өткен қатысушыларды құттықтаймыз! Қызығушылық танытып, белсенді қатысқан үміткерлерге алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, жазғы мектеп 29 маусым мен 2 шілде аралығында Ақмола облысы, Бурабай курорт аймағында өтеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button