Жаңалықтар

Волонтерлер ұйымдарының көшбасшыларына арналған «Волонтерлер жазғы мектебі-2023» ашылды

Халықаралық волонтерлер форумы қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институты және «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі ұйымдастырған Ақмола облысының «Зерен» демалыс кешеніндегі волонтерлер ұйымдарының көшбасшылары үшін «Волонтерлер жазғы мектебі-2023» ашылды.
Волонтерлер ұйымдарының көшбасшыларына арналған «Волонтерлер жазғы мектебі-2023» ашылды

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Елюбаев,  «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Вера Ким, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлік бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев қатысты.

Жазғы мектепке еліміздің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан келген 40 волонтер, волонтерлік ұйымдардың басшылары және өңірлік фронт-офис мамандары қатысты.

Волонтерлер ұйымдарының көшбасшыларына арналған «Волонтерлер жазғы мектебі-2023» ашылды

Сондай-ақ жазғы мектеп аясында волонтерлік принциптері мен түрлері, жобаны жоспарлау, волонтерлік топтар құру, топтық жұмыс және көшбасшылық, жоба бюджетін анықтау және жобанға ақпараттық қолдау көрсету тақырыптары бойынша тренингтер өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумын өткізу жоспарланып жатыр. Халықаралық іс-шараға әлемнің 34 елінен 40-тан астам спикер, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button