Жаңалықтар

Media Boot Camp жазғы мектебіне өтініш қабылдау басталды

2023 жылғы 29 маусым мен 2 шілде аралығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығының ұйымдастыруымен жас журналистерге арналған Media Boot Camp жазғы мектебі өтеді.

Іс-шара заманауи талаптарға сай мамандар пулын қалыптастыру үшін ЖОО-ның журналистика мамандығында оқитын 3-4 курс студенттері мен магистранттардың біліктілігін арттыру және кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.

Оқу барысында қатысушылар теория мен практиканы ұштастыру, коммуникативті дағдыларды жетілдіру және журналистік шеберлікті шыңдауға байланысты пайдалы тәжірибе алады. Сондай-ақ жас журналистерге арналған уоркшоптар ұйымдастырылады. Оларға өз жұмыстарын көрсетуге, білікті мамандармен бірге практика жасауға мүмкіндік беріледі.

Республикалық деңгейде өтетін іс-шараға кәсіби журналистер, медиа мамандар, эксперттер, коучтер және тренерлер қатысады.

Жазғы мектепке қатысу үшін құжаттарды 2023 жылғы 5 маусымға дейін [email protected] электронды поштасына жіберу керек.

Комиссия өтінім қалдырған азаматтардың ішінен 50 қатысушыны іріктеп, тізімді / сайтында 2023 жылғы 15 маусымға дейін жариялайды.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласа аласыздар:

8 (7172) 79 64 26; 8 (707) 859 16 08 Темір-ұлан

Іс-шара туралы Ережемен мына сілтеме бойынша танысуға болады: media-boot-camp-erejesi-1 (1)

Басқа жаңалықтар

Back to top button