Жаңалықтар

Сарапшылар «Қазақстан жастары-2022» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады

Жаңа Қазақстанды құру тұрғысында сарапшылар «Қазақстан жастары – 2022» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында «Қазақстан жастары – 2022» Ұлттық баяндамасының мазмұндық бөлігін алдын ала сараптамалық талқылау өткізілді.

Негізгі баяндамашылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Жанна Кәрімова, Қазақстандағы ЮНФПА гендерлік және популяция жөніндегі мәселелерін бағдарламалық талдаушы Молдақұлова Ғазиза, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Алексеенко.

Жиын барысында Елнұр Бейсенбаев бүгінгі таңда маңызды саяси өзгерістер кезеңінде жаңартылған, өзекті жастардың мәселер тізімі қажет екенін, жастардың нақты жағдайын көрсететін нақты сандар ұсынылуы керектігін атап өтті.

Жанна Кәрімова жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында ұлттық баяндаманың қорытындысы бойынша практикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәжірибесін қайта бастауды ұсынды. Сондай-ақ ол ұлттық баяндаманы, оның ішінде қоғамдық әлеуметтану құралдарын, тиімді кері байланыс құралдарын пайдалануды кеңінен насихаттауға назар аудару керектігін атап өтті.

Ғазиза Молдақұлова өз кезегінде әлеуметтік инклюзия мәселелеріне назар аударуды, жастар өлімі, мүгедектерді кемсіту сияқты мәселелердегі гендерлік айырмашылықтарды зерттеуді ұсынды.

Александр Алексеенко жастарды бүкіл халықтың контекстінде зерттеу қажеттігін айтты, өйткені бұл қазақстандық қоғам дамуының жалпы мәселелерін барынша айқын көрсетеді.

Талқылау нәтижесінде сарапшылар ұлттық баяндама жастардың шынайы сұранысын көрсететін құжатқа айналуы керек деген ортақ пікірге келді. Олар баяндаманың маңыздылығы өскелең ұрпақтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін, сондай-ақ жастар саясатын талқылау кезінде ескеру қажет негізгі тенденцияларды, қызығушылықтар мен талаптарды анықтауда екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері «Жастар» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын шығарып келеді. Баяндамада қазақстандық жастардың өмірінің негізгі салаларындағы жағдайына жан-жақты талдау жасалған. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – әдістемелік базаны қамтамасыз ету және мемлекеттік жастар саясаты жүйесін жастардың қазіргі қажеттіліктері мен мүдделеріне одан әрі бейімдеу.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button