Жаңалықтар

Қазақстан тұрғындарына «Nickelodeon HD» қазақ тілінде

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «Nickelodeon HD» телеарнасының мемлекеттік тілдегі тұсаукесері бойынша сөз сөйледі.

Аталған іс-шара Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған «Балалар жылына» орайластырылған.

2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан тұрғындарына қазақ тілінде «Nickelodeon HD» телеарнасы қолжетімді. Оны оқшаулау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылуда.

Бұл жоба болашақ ұрпақтың мәдениеті мен білімінің дамуына өлшеусіз үлес ретінде қызмет етеді.

«Министрлік «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында әлемде танымал балалар арналарын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жобаны іске асырды. Қазақ тіліндегі арналардың іске қосылуы балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға және оны дұрыс пайдалануға, сондай-ақ өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні бар» – деп атап өтті А. Омаров.

«Осы жоба шеңберінде телеарналарды таңдауда бірнеше іріктеу өлшемшарттары ескерілді: ол қазақстандықтар арасында танымалдылық бойынша ҚҚДИ жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері, телеарналардың өзінде осындай жобаларды іске асыру тәжірибесі, аудиторияны қамту, әлемдік рейтингтік позициялар, брендті тану, халықаралық конкурстарда алынған беделді наградалардың болуы және басқа да өлшемшарттар. Осылайша «Nickelodeon» және «TiJi» екі телеарнасы таңдалды. Жоғарыда айтылғандай, Nickelodeon брендтері 180-ге жуық елде көрсетіледі, ал олардың кейіпкерлері 40-қа жуық түрлі тілде сөйлейді» -деп атап көрсетті Қ. Майгелдинов.

«Nickelodeon» брендінің тарихы 40 жылдан астам уақыттан бері бар және осы уақыт ішінде ол бүкіл әлемде балалар мен олардың ата-аналарының сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болды.

Қазақ тіліндегі «Nickelodeon HD» арнасы жергілікті кабельдік операторлардың эфирінде қолжетімді және үлесі ұлғаятын оқшауланған контенттің үлкен көлемін ұсынады.

Қазақстан тұрғындарына «Nickelodeon HD» қазақ тілінде

Nickelodeon — әлемге баланың көзімен қарайтын балалар ойын-сауық арнасы. Ойын түріндегі жарқын кейіпкерлер дамуға көмектеседі, балаларды шығармашылық қарым-қатынасқа тартады және олар үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістік жасайды. Арнаның бағдарламалық блогы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған анимациялық шоулардан, 6 жастан асқан балаларға арналған анимациялық сериалдардан және 12 жастан асқан балаларға арналған телешоулардан тұрады.

«Nickelodeon – әлемдегі ең танымал мультимедиялық ойын-сауық брендтерінің бірі. Оның телешоулары мен кейіпкерлері әртүрлі елдерде танымал және оны жақсы көреді.  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауының арқасында бізде контенттің үлкен көлемін оқшаулауға және қазақ тілінде «Nickelodeon HD» арнасын іске қосуға мүмкіндік пайда болды. Біз өз көрермендерімізбен бір тілде сөйлесудің және оларға балалар аудиториясының мүдделерін ескере отырып жасалған үздік балалар телебағдарламалары мен анимацияларына қол жеткізуге мүмкіндік берудің бұл қол жетімділікке қуаныштымыз,-деп атап өтті Paramount International Networks ТМД және Балтық елдеріндегі балалар және ойын – сауық брендтерін дамыту жөніндегі вице-президенті Мария Косарева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button