Жаңалықтар

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты

Қазақстандық қоғамдық даму институты қақтығыс аймақтарынан оралған, көші-қон процестеріндегі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылардың білім беру, психоәлеуметтік қолдау және психикалық денсаулығы мәселелері бойынша ресурстық топтардың ұлттық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Іс-шараға ҚҚДИ Басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова, ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышева, қақтығыс аймақтарынан оралған, көші-қон процестеріндегі және Л. Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылардың білім беру, психоәлеуметтік қолдау және психикалық денсаулық мәселелері жөніндегі ресурстық топтардың ұлттық орталығының басшысы Әлия Мамбеталина және аға оқытушы, психология магистрі Айзат Құнанбаева қатысты.

«Ынтымақтастықтың басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және мұқтаж отбасыларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру», – деп атап өтті Әсем Қайдарова.

ЕҰУ Ұлттық орталығының басшысы Әлия Мамбеталина ҚҚДИ-мен ынтымақтастық аясында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру және қақтығыс аймақтарынан оралған, көші-қон процестеріндегі және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды анықтауға, оларға ден қоюға және сапалы психологиялық көмек көрсетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар мен зерттеулер жүргізу жоспарланғанын айтты.

ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышева бірлескен іс-шаралар жоспарын былай деп қолдады:

«Біз өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету саласында ынтымақтасуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ ғылыми зерттеулермен айналысамыз, тренингтер, семинарлар мен конференциялар өткіземіз».

Меморандум аясында тараптар отбасы институтын, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені дәріптеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріндегі өзара іс-қимыл туралы келісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button