Жаңалықтар

Пресс-анонс:  ҚҚДИ «Sarap» эксперттік клубы мен «Политолог» студенттік пікірталас клубының отырысы

2022 жылдың 15 сәуірінде сағат 11:30-да Алматы қаласында  ҚҚДИ «Sarap» эксперттік клубы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Политолог» студенттік пікірталас клубының «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» атты бірлескен отырысы өтеді.

Шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырады.

Бұл іс-шараның басты міндеті Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында айтылған саяси реформалар бойынша пікір алмасу. Сарапшылар мен «Sarap» эксперттік клубының мүшелері негізгі тәуекелдерді, перспективаларды бағалап, заманауи сын-қатерлерді еңсерудегі реформалардың маңыздылығын талқылайды.

Отырысқа барлық саяси пікірталас әуесқойлары, студенттер, оқытушылар және жай ғана қызығушылық танытқан тыңдармандар шақырылады. Қонақтар бірлескен пікірталасқа қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін айта алады.

Іс-шараға қатысушылар:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Айдар Әмребаев,  «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарёв, «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры директорының орынбасары Марат Шибұтов, сонымен қатар ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы, университет магистранттары, докторанттары және ҚҚДИ сарапшылары.

Модератор  «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек Өмірзақұлы болады.

Күні: 15 сәуір 2022 ж.

Уақыты: 11:30

Мекен-жайы:  Алматы қ., Достық даңғылы, 85, Әлеуметтік қызметтер үйі 5 қабат (көпфункционалды акт залы)

Іс-шара Q&A (Questions and Answers-сұрақтар мен жауаптар) форматында өтеді.

БАҚ өкілдері эксперттік талқылауға тыңдаушы ретінде қатыса алады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button