Жаңалықтар

«NEET санатындағы жастар: әлеуметтену мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңының отырысы өтті

«NEET санатындағы жастар: әлеуметтену мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңының отырысы өтті.

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының басшылары, сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдері қатысты. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысты.

«Жастар» ҒЗО-ның Әлеуметтану зерттеулері және болжау басқармасының басшысы Евгения Руднева әлеуметтану зерттеулерінің өзекті нәтижелерін ұсынып, жастарды әлеуметтендіру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңы отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар тізімі қалыптастырылды.

Сарапшылардың барлық ұсынысы жастар саясаты саласындағы құжаттарды әзірлеуде қаралып, ескерілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button