Жаңалықтар

Отбасы күні: ауылдық кітапханаға кітаптар тапсыру және «Үміт» орталығындағы арт-терапия

Отбасы күні аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметкерлері «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясының аясында Қарағанды облысының ауылдық кітапханасына кітаптар табыстады. Сонымен қатар, елордалық «Үміт» дағдарыс орталығында арт-терапия бойынша тренинг өткізілді.

Отбасы күніне орай «Ауылыма кітап» республикалық акциясын қолдау мақсатында «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ мен «Dauletten» қайырымдылық қорының қызметкерлері Қарағанды облысы Түгіскен ауылының кітапханасына 160 кітап табыс етті. АкцияТүгіскен ауылының әкімі Саят Салкебаевтың да қолдауын тапты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның бастамасымен Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясы басталған болатын. Аталмыш акция шеңберінде оқу мәдениетін ілгерілету мақсатында танымдық әдебиеттер, жаңа замануи оқулықтар кітап қоры жеткіліксіз ауыл мектептері мен кітапханаларына табысталып келеді. Өңірлердегі бұл іс-шараларды ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығы Нұр-сұлтан қаласының «Үміт» дағдарыс орталығында арт-терапия бойынша тренинг ұйымдастырды. Оқытуды коуч, арт-терапевт, орталықтың жетекші менеджері Асылжан Досмұхамбетова жүргізді.

«Үміт» Дағдарыс Орталығы өз қызметін 2013 жылдан бастап арнайы әлеуметтік қызметтермен, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, әлеуметтік бейімсіздік пен  әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке ұшыраған адамдарға қолдау көрсетумен айналысып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button