Басшы блогыЖаңалықтар

Мемлекет волонтерлік институтын жүйелі, жаңа деңгейге шығаруға мүдделі – А. Есенбаев

Бүгін «Зерен Нұр» демалыс кешенінде Қазақстанның волонтерлік ұйымдарының басшыларына арналған Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Іс-шараны Ұлттық еріктілер желісі, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты және ҚР АҚДМ қолдауымен ұйымдастырды.

Жазғы лагерьдің ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық еріктілер желісінің төрағасы Вера Ким, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев қатысты.

Өз сөзінде Асылбек Есенбаев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда 2020 жыл волонтер жылы деп жарияланғанын атап өтті.

«ҚР Президенті волонтерлікті тек ұлттық деңгейде ғана емес, әрбір қала мен ауылда дамыту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл мемлекеттің волонтерлік институтын жүйелі, жаңа деңгейге шығаруға мүдделі екенін білдіреді. Ол үшін бізде үлкен әлеует бар», – деді ол.

ҚҚДИ Басқарма Төрағасы өткен жылғы пандемия тек ел үшін ғана емес, халық үшін де қиын сынақ болды деген пікірімен бөлісті. Түрлі әлеуметтік зерттеулер мен бағалаулар бойынша сол бір күрделі кезеңде қазақстандықтардың 45% – ға жуығы волонтер болуға дайын болған екен. Асылбек Есенбаев волонтерлік ұйымдардың басшыларына волонтерлікті қолдау бойынша «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ жүрзігіп жатқан жүйелі қызметі туралы баяндап берді.

Сондай-ақ, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері Комитетімен бірлесіп іске асырылатын «Birgemiz: áreket ýaqyty» жобасы аясында табысты өңірлік волонтерлік жобалардың жинағы да әзірленуде. Және  «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Ұлттық волонтерлік желінің көмегімен www.qazvolunteer.kz.бірыңғай онлайн-платформасында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын өткізетін болады.

Сонымен қатар, ҚҚДИ сарапшыларының көмегімен еріктілікті қолдау стандартын әзірлеу бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына қарай, халықаралық еріктілер күніне орай екі күндік конференция өтеді, іс-шара шеңберінде волонтерлік ұйымдар жұмысының, бастамаларды іске асырудың қорытындылары шығарылып, волонтерлік институтың дамуының болашақ бағыт-бағдары белгіленеді деп жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, волонтерлерді даярлаудың негізгі бағыттары бойынша «Волонтерлерді даярлаудың бірыңғай бағдарламасы жобасын» әзірлеу маңызды бағыт болып табылады», – деп хабарлады Асылбек Есенбаев.

Волонтерлік ұйымдардың басшыларына арналған жазғы мектеп 9 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Жазғы лагерь аясында қатысушылар командалық тренингтермен, кешенді оқыту жұмыстарынан өтеді деп жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button