Жаңалықтар

Дайджест: «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің апталық іс-шаралары

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің осы аптада өткізетін елеулі іс-шараларының кестесімен таныстырамыз.

2 шілде – 2 тамыз

Алматы қаласында қазақтың төл музыкалық аспабы домбыраға арналған жылжымалы көрме өтуде. Ұлттық домбыра күніне орай шілденің 2-сі күні басталған шара тура бір айға созылады. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі ұйымдастырған жылжымалы көрмеге музей қорында сақталған бірқатар мемориалдық музыкалық аспаптар мен қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары қойылды.

Байланыс үшін:

Нұрлы Ибадуллина (Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің маманы) +7 747 6034113

12 шілде

Биыл «жыр алыбы» Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл. Осы орайда «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының аясында Ақмола облысының Зеренді ауданында «Жамбыл Жабаев – Ұлы даланың алып жыршысы» дөңгелек үстелі өтеді. Аудандық «Мәдениет үйінде» өтетін шараға 100-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

Байланыс үшін:

«Мәдениет үйі», +7 (716)32 20024

14 шілде

Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Қымыз fest, шұбат fest» өнер фестивалі өтеді. Түймекент ауылында өтетін бұл шарада қазақ халқының ұлттық сусындарын халық арасында ұлықтау мақсаты қойылған.

Байланыс үшін:

Ринат Нұрақбаев (Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің басшысы ) +7 701 321 41 83

 

16 шілде

Семей қаласының Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Шығыс Қазақстан облысы қолөнер шеберлерінің VІ аймақтық «Қазақ қолөнері мерекесі» фестивалі өтеді. Ұлттық нышандарымыздың бірі домбыра  аспабын жасау жолында  дәстүрлі колоритін сақтай отырып,  аянбай ізденіп келе жатқан өңір шеберлерінің кәсібилік және іздемпаздық шығармашылықтарын халық назарына ұсыну және киелі домбыра аспабын ұлттық брендке көтеру мақсатында ұйымдастырылатын бұл шараға 3 мыңнан астам қала тұрғындары қатысады деп күтілуде.

Байланыс үшін:

Әлия Әбілханқызы (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер музейінің ғылыми қызметкері) +77024162857

 

17 шілде

Талдықорған қаласында дәстүрге айналған ғажайып жарыс бар. «JETİSÝ DRON JARYSY» деп аталады. Жетісу өңіріндегі жастардың ақпараттық және цифрлық технологиялар саласындағы шеберліктерін шыңдап, цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы ішкі туризімнің дамуына қолдау көрсетуге бағытталған дрондар жарысында қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын сынақтардан өтіп қана қоймай, жарыса жүріп, Жетісу өңірінің әсем жерлерін дронға түсіріп үлгерулері тиіс.

Байланыс үшін

Әнуар Демегенов (Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «Жобаны жоспарлау және дамыту» бөлімінің бас маманы) +7 707 964 79 99

18 шілде

Петропавл қаласында ұлтаралық достықты күшейту мақсатында татар және башқұрт ұлттарына ортақ «Сабантой» мерекесі аталып өтіледі.

Байланыс үшін

Наиль Абраев («Дуслик» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ төрағасы) +7 705 172 34 64

Басқа жаңалықтар

Back to top button