Жаңалықтар

ҚҚДИ Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың сегізінші өлшемін өткізді

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» әлеуметтанушылары 2020 жылдың 1-14 қыркүйегі аралығында елдегі қоғамдық-саяси жағдайды зерттеу мақсатында бүкіл ел бойынша азаматтардан сауалнама жүргізді.

Сегізінші өлшем халықтың өзекті мәселелер рейтингісінің кеңеюін тіркеді, оның ішінде қажетті тауарларға жоғары бағаны, табыстың деңгейінің төмендігіне және медициналық қызметтердің жоғары құнына қатысты алаңдаушылық бар.

Халық арасында мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейі 56% – дан асады. Айта кету керек, Президент және Үкімет сияқты мемлекеттік институттар әлі күнге дейін халықтың сенім деңгейі бойынша бірінші орында, ал әкімдік үштікті жабады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button