Жаңалықтар

«JASTAR: ózekti másele» жаңа сараптамалық алаңы

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру» деп атап өтті. Сондай-ақ ол «алдымызда ауқымды әрі күрделі мін­деттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпы­ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет». Алға қойылған мақсаттарды шешу үшін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «JASTAR: ózekti másele» жаңа сараптамалық алаңын іске қосады.

Бүгінгі таңда қоғамның даму динамикасы сапалы әрі нақты шешімдерді қажет етеді. «JASTAR: ózekti másele» алаңындағы ашық диалог форматы жастарды әлеуметтік дамытудың неғұрлым өзекті мәселелері бойынша тиімді шешімдерді іздеуге ықпал етуге бағытталған. Себебі жастар мемлекеттің негізгі инновациялық ресурсы болып табылады. Тәжірибе алмасу, сараптамалық ой-пікір, одан әрі іс-қимыл жүйесін құру осы пікірталас платформасы жұмысының нәтижесі болуы керек.

Ашық диалог алаңына әр түрлі саладағы сарапшылар, белгілі отандық және ғылыми сарапшылар, жас ғалымдар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық үкіметтік емес сектордың өкілдері шақырылатын болады.

«JASTAR: ózekti másele» алаңының алғашқы сараптамалық отырысы Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде өтеді. Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі ережелерін жастар саясаты контексінде талқылау, сондай-ақ оны іске асырудың жаңа тәсілдері күтілуде. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А. Оралов, Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш. Байманов, «Жастар» ҒЗО директоры А. Сакошев, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары М. Споткай, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қ. Жаңабеков, «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Э. Аскеров, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысады.

Өткізу күні: 2020 жылғы 11 қыркүйек, сағат 11:00

Өтетін орны: Мәжіліс залы (607 каб), Мәңгілік Ел 30

Қатысушылар: жастар арасынан сарапшылар қауымдастығының өкілдері.

Күн тәртібі:

–       Мемлекет басшысының «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттарын талқылау

–       Қазақстан жастарының түрлі санаттарының негізгі қажеттіліктері мен мәселелерін талқылау

Басқа жаңалықтар

Back to top button