Жаңалықтар

АҚДМ Telegram-арнасында

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал Telegram мессенджерінде өз арнасын іске қосты @aqparatqogam..

Арнаның алғашқы хабары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның атынан жарияланды.

«Бүгінгі ақпарат тасқыны толастамаған заманда атқарушы биліктің халықпен үнемі байланыста болуының маңызы зор. Осы орайда, біздің министрлік те ашықтық қағидатын ұстанып, жаңа Телеграм-арнамыздың оқырмандарымен тың әрі өзекті ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады», – мәтінде айтылған.

Telegram-арнасы шеңберінде басқа да орталық мемлекеттік органдардың жұмысы жарияланатын болады.

Кері байланыс үшін [email protected] электрондық поштасы қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button