Жаңалықтар

ҚҚДИ сарапшылары әлеуметтанулық зерттеудің бірінші өлшемін өткізді

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ қоғамның жаңғыруын әлеуметтанулық зерттеу орталығының сарапшылары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында «Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша Экспресс-сауалнама» тақырыбында бірінші әлеуметтанулық зерттеу жүргізді.

Зерттеу шеңберінде сарапшылар елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі көрсеткіштерін талдады, халықтың өзекті мәселелері анықталды, халықтың билікке деген сенім деңгейіне талдау жасалды, қазақстандықтардың наразылық көңіл-күйі мен электоралды ұстанымдары деңгейі бағалаланды.

Өткізу мерзімі: 22 ақпаннан 9 наурызға дейін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button