Жаңалықтар

«Азаматтық алаң» жаңа пікірталас алаңының бірінші отырысы өтті

 «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жәрдемімен «Азаматтық алаң» атты жаңа пікірталас алаңыны таныстырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Орталық сараптамалық кеңесті «Азаматтық алаң» пікірталас алаңына айналдыру туралы шешім қабылданды», жаңа алаң «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға, азаматтық қоғамды тарту және мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады.

Таныстыру барысында «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев «пікірталас алаңының негізгі міндеттері ашық диалог атмосферасында  «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын басшылыққа ала отырып, тұрақты кездесулер өткізу, өзекті мәселелерді талқылау және бағдарламаны іске асыру бойынша жаңа ұсыныстар енгізу, сондай-ақ алаң жұмысына жаңа тұлғаларды тарту болып табылады».

Пікірталас клубының құрамына ғалымдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, белсенді азаматтар кірді. Пікірталастар әртүрлі форматтарда, мысалы, Open space technology, Аквариум, Lightning talks және әртүрлі алаңдарда өтеді.

Сонымен қатар, «Азаматтық алаң» бірінші отырысы аясында ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-иинистрі Ғабидолла Оспанқұлов амбассадорларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының куәлігін табыс етті»:

  • «100 жаңа есім жобасы» бағыты шеңберінде физик, тренер, оқытушы, 2017 жылғы жоба жеңімпазы Ернұр Рысмағамбетовке;
  • «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты шеңберінде этнограф, ұлттық тағамдар жөніндегі сарапшы Әйгерім Мұсағажиноваға;
  • «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы шеңберінде аудармашы, ғалым, «Ұлттық аударма бюросының» басшысы Рауан Кенжеханұлына;
  • «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде  Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, кәсіпкер Сауэр Иван Адамовичке;
  • Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы шеңберінде қазақстандық тарихшы, халықаралық Түркі  академиясының президенті Дархан Қуандықұлы Қыдырәліге куәліктер табыс етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button