Тілепов Болат Анапияұлы

Тілепов Болат АнапияұлыДиректорлар Кеңесінің мүшесі (20 шілде 2020 жылғы №258 бұйрық)

Тілепов Болат Анапияұлы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттанушы, саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • 2001-2005 жылдары «Стратегия» талдау орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
  • 2005-2006 жылдары — Алматы қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі.
  • 2008 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2008 жылдан 2013 жылға дейін — Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
  • 2013-2014 жылдары — «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы.
  • 2014-2015 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары.
  • 2015-2016 жылдары — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
  • 2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.
  • 2019 жылғы қарашадан – 2020 жылғы маусым – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
  • 2020 жылғы маусым – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Back to top button