Есенбаев Асылбек Есімқанұлы

Есенбаев Асылбек Есімқанұлы«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы

Есенбаев Асылбек Есімқанұлы – білімі бойынша экономист, 1998 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақстанның Даму институтында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. «Стратегия» талдау орталығы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты секілді ғылыми-зерттеу құрылымдарында жұмыс істеді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде қызмет жасады. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Back to top button