Жаңалықтар

Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы тағайындалды

Нұрбек Матжани ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Нұрбек Матжани 2011 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды бітірген. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты — 2019 жылы АҚШ-тың Northwestern University инженерлік Менеджмент магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 2011 жылы «WikiBilim» қоғамдық қорында бастаған, 2013-2014 жылдары «WikiBilim» президенті қызметін атқарған. Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді. 2017 жылы «Atom Media» ЖШС атқарушы директоры болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button