Жаңалықтар

«Алтын сақа» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын  ұйымдастырды.

Байқауға қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген және шығармаларымен танылып келе жатқан 18-35 жас аралығындағы қаламгер жастардан 150-ден аса шығарма келіп түскен.

«Алтын сақа» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау шарттары бойынша қатысушылар еркін тақырыпта проза жанрында ертегілер (бастауыш және орта буын мектеп оқушыларына арналған) және шағын әңгімелер (жасөспірімдерге арналған) бағыттары бойынша бақ сынады.

Қазылар алқасының құрамында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезек, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Бейбіт Сарыбай, балалар жазушысы Ділдар Мамырбаева, Халықаралық «Алаш», «Сорос-Қазақстан» сыйлықтарының лауреаты Қуандық Түменбай, балалар жазушысы Зәуре Төрехан болды.

Жоба балалар әдебиетін дамыту, қазақстандық балалар әдебиеті жазушыларына қолдау көрсету мақсатында, қыркүйек айының 28-і дүниеге келген қазақтың үш классик жазушысының туған күніне орай өткізілді.

28 қыркүйек күні – қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Мұхтар Әуезовтың, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Шерхан Мұртазаның және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының,  Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері Оралхан Бөкейдің туған күні.

«Алтын сақа» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Іс-шараны үш жазушының туған күніне орайластыру арқылы қазақ әдебиетіне деген қоғамның қызығушылығын арттыру, салтанатты шараның мәртебесін көтеру, классиктеріміздің еңбектеріне деген құрметті көрсету, байқау жеңімпаздарына әдебиет саласы майталмандарын үлгі ету мақсаттары орындалды.

Қазылар алқасы 2022 жылғы 5 қыркүйек күні, онлайн кездесу өткізіп, байқау жеңімпаздарын анықтады. Олардың шешімімен «Әңгіме» бағыты бойынша:

І орын – Досхан Жылқыбай.

ІІ орын – Дәметкен Сағынбаева.

ІІІ орын – Жантас Еркінұлына бұйырды.

  1. Ерзат Молдабекұлы.
  2. Ділназ Есболатова.
  3. Айгөлек Өмірбек.
  4. Гүлден Жылкелдиева.
  5. Нұрсұлтан Серікбаев ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

«Ертегі» бағыты бойынша:

І орын – Азамат Әбілқайыр.

ІІ орын – Нұржан Нұрбек.

ІІІ орын – Қазим Тілекқабылдың қанжығасына байланып,

  1. Көкбөрі Қизат.
  2. Гүлбақыт Әбсат.
  3. Ержан Күркеев.
  4. Айым Махаева.
  5. Азиза Урах ынталандыру сыйлықтарын алды.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button