Жаңалықтар

«Жаңа Қазақстанның құндылық бағдарлары: қазіргі заманның сын-қатерлері» халықаралық конференциясы

2022 жылы 30 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Финляндия, БАӘ, Эстония, АҚШ, Жапония, Әзірбайжан елдері сарапшыларынының қатысуымен «Жаңа Қазақстанның құндылық бағдары: заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы жұмыс стратегиясын құру бойынша сындарлы қоғамдық диалогті қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу.

Конференцияға қоғамның даму мәселесін зерттеп жүрген сарапшылар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қауымы қатысты.

Іс-шараның модераторы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Майгельдинов Қазбек :

«Өздеріңізге белгілі, кез келген саяси және экономикалық реформаға деген халықтың сенімін нығайтып, қолдауына ие болу үшін қоғамның,  азаматтық сананың трансформациясы қатар жүруі тиіс. Сонымен қатар, қазіргі геосаяси ахуал мен заманауи сын-қатерлер қоғамдық қатынастар жүйесін қайта қарауды, қоғамды дамыту секторында жаңаша көзқарас орнатуды, Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын құндылық бағдарын анықтауды қажет етеді,- деп конференцияны бастады.

«Жаңа Қазақстанның құндылық бағдарлары: қазіргі заманның сын-қатерлері» халықаралық конференциясы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров өз сөзінде былай деді:

«Алдымызда тұрған аймақтық және әлемдік сын-қатерлер азаматтық бірегейлік, ұлттық мәдениетіміз, қоғамдық және тұлғалық құндылықтарымыздың сақталуына айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекет басшысы ұсынған реформа «Жаңа Қазақстанның» құндылық бағдарының негізін қалайды. Азаматтар еліміздің қоғамдық-саяси құрылысын қайта жаңартуға және қоғам дамуының жаңа қағидаттарын соның өзегіне айналдыруға сұраныс білдірді». 

«Жаңа Қазақстанның құндылық бағдарлары: қазіргі заманның сын-қатерлері» халықаралық конференциясы

Конференцияның негізгі спикерлері ретінде халықаралық сарапшылар сөз сөйледі: Элина Ванхемпинг, Скандинавия академиялық ұтқырлық институтының ректоры, әлеуметтік ғылымдар саласында PhD докторы; Абдулрахим Ибрахим Абдулвахид, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Media Hub international» халықаралық тобының бас директоры; Елена Петренко, Таллин қаласы инклюзивті білім беру гимназиясының топ-менеджері, Скандинавия академиялық ұтқырлық институты бағдарламасының жетекші үйлестіруші-талдаушысы; Юлай Шамилоғлы, профессор, Назарбаев университетінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі; Томохико Уяма, профессор, Хоккайдо университетінің славян-еуразиялық зерттеулер орталығының жетекшісі; Ниджат Маммадли, Әзірбайжан Республикасы Білім министрінің кеңесшісі; Халима Абдулла Рашид, БАӘ қоғам қайраткері, жазушы, араб елінің зергерлік шеберлігі және тарихы туралы кітаптардың авторы, БАӘ іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.

Конференция барысында қатысушылар құндылық бағдары мен олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды, практикалық тәжірибеге негізделген ғылыми көзқарасты ортаға салды. Сондай-ақ сарапшылар халықаралық тәжірибемен танысып, оларды елімізд жүзеге асыру мүмкіндігін, қазіргі заманғы сын-қатерлердің құндылық бағдарына әсерін, сондай-ақ Қазақстандағы және басқа елдердегі қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселесін талқылады. Конференция барысында алынған ұсыныстар алдағы уақытта барлық мүдделі тараптарға жолданатын болады.

«Жаңа Қазақстанның құндылық бағдарлары: қазіргі заманның сын-қатерлері» халықаралық конференциясы

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button