Жаңалықтар

Қазақстандық ҮЕҰ ФАТФ-ты терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте қолдайды

Ағымдағы жылдың 29 маусымында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық-ресурстық орталық» (Алматы Азаматтық орталығы) «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ-мен бірлесіп «ҮЕҰ Академиясы» жобасы аясында Қазақстанның ҮЕҰ-на арналған «Терроризмді қаржыландыруға және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылда КЕҰ-ны бағалауға ФАТФ тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг  «Алматыбасжоспары» ғылыми-зерттеу институтының ғимаратында гибридтік форматта өткізді.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі бола отырып, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ағыл. Financial Action Task Force – FATF ) қағидаттары мен ұсынымдарын қолдайды және осы жылы тиісті халықаралық бағалаудан өтуді жоспарлап отыр.

Қазақстандық ҮЕҰ ФАТФ-ты терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте қолдайды

Қазақстанның КЕҰ секторы 8 ФАТФ ұсынымына сәйкес осы ұсынымдарға сәйкестігіне бағаланатын болады.

Семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

ҮЕҰ көшбасшыларының қаржылық және басқару сауаттылығын арттыруға арналған осы семинарда мемлекеттік органдардың өкілдері, «Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» ҚҚ директоры Светлана Борисовна Ушакова, ҚР ҚҚА шақырылған халықаралық сарапшы Андрей Иванович Боричевский (Беларусь) негізгі спикерлер болды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің басқарма басшысы Жанбота Жолдасұлы Қарашолақов алғы сөз сөйледі.

Өз таныстырылымында Андрей Боричевский ФАТФ-тың маңызы мен қызметі, КЕҰ секторы үшін КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл бойынша 8 ұсынымның мәні туралы айтып, басқа елдердің осы халықаралық ұйымның сараптамалық бағалауынан өткені туралы білімдерімен бөлісті, сондай-ақ семинар тыңдаушыларының сұрақтарына жауап берді.

Қорытындылай келе, С.Б. Ушакова мемлекеттік органдардың «үшінші секторлармен» әріптестікте ФАТФ ұсынымдарын тиісті түрде қалай орындау керектігі, осы саясатты іске асыру шеңберінде КЕҰ/ҮЕҰ-ға қандай шаралар қолданылуы мүмкін, бұл елге және ҮЕҰ-ға осы бағалаудан өтуге және т. б. мүмкіндік беретіні жөнінде пікірімен бөлісті.

Семинар-тренингтің толық видеосы Facebook әлеуметтік желісінде келесі сілтеме бойынша көре аласыздар: https://fb.watch/dZawuqV6IV/

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button