Сарапшылар бағаны

Референдум қорытындысы: Ата Заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді

Аян Сакошев – Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Бұл реформалар бір күндік реформалар емес. Яғни жүйелі, бірнеше жыл қатарынан жүретін, еліміздің дамуын келесі бір сатыға көтеретін демократиялық реформалар деп білеміз. Яғни ең біріншіден халық қандай мәселелерді көтереді сол мәселелерді мемлекеттік органдар шешумен айналысуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев «суперпрезиденттік» басқару жүйесінен бас тартып, қолындағы билікті бөліп берді. Ол өз өкілеттігінің бірқатарын Парламентке беріп, заң шығарушы органның ықпалын арттырып отыр. Иә, расында монополия жақсылыққа апармайды. Мейлі ол саясат, мейлі ол экономикада болсын. Ашық әрі әділ бәсекелестік – мықты, белсенділердің суырылып алға шығуына әркез жол ашқан

толығырақ: https://qazaqstan.tv

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button