Жаңалықтар

Қазақстан тұрғындары үшін «TiJi» балалар телеарнасы қазақ тілінде

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «TiJi» балалар телеарнасының аудиожолағының қазақ тілінде ашылуы бойынша  телеарнаның өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге М6 Групп телеарналары мен радиостанцияларының халықаралық дистрибьюция жөніндегі директоры, Gulli (Гулли) брендін сату және дамыту директоры Жан-Рене Окутюрье мырза, M6 топ телеарналарының халықаралық дистрибьюциясы директоры, ООО «ЛТИ Восток» бас директоры Мария Жабина-Пантелик, телеарна өкілі, серіктесі, кабельдік байланыс операторлары, сондай-ақ Министрліктің және Қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты.

Қазақстан тұрғындары үшін «TiJi» балалар телеарнасы қазақ тілінде

Қоғамдық сананы жаңғырту кезінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, қазақ тілін ілгерлету мен байыту, мемлекеттік тілдегі контентті дамыту, отандық тарих пен мәдениетке қызығушылықты арттыру басты мәселелердің бірі.

Осыған байланысты, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту бойынша  жүйелі жұмыс жүргізуде.  Осы ретте бағыттың бірі – балаларға арналған контентті дамыту. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қызықты, тартымды, мазмұнды мультфильмдер мемлекеттік тілді үйрену мәселесінде оң нәтиже беретіні анық.

2022 жылдың сәуір айынан Қазақстан тұрғындарына қазақ тілінде «TiJi» телеарнасы қолжетімді болды. Аталған  жоба ана тілін танымал ету мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты  «M6 Thématique»  француз медиахолдингмен бірлесіп жүзеге асыруда.

Қазақстан тұрғындары үшін «TiJi» балалар телеарнасы қазақ тілінде

Аталған жоба болашақ ұрпақтың мәдениеті мен білімін дамытуға ажырамас үлес болып табылатыны сөзсіз.

«Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында мультфильмдер балалар мен жасөспірімдер іскерлік әдебиеттің әлемдік үздік үлгілерін аудару қажет деп санаймыз, бұл тілдік ортаны қалыптастыруға және жастарды қазақ тіліне бейімдеуге мүмкіндік беретінін анық».– деді А.Омаров.

Арналарды таңдау кезінде әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері және балалар арасында таратылатын мультфильмдердің танымалдығы ескерілді.

Бүгін «TiJi» арнасы арнаны қазақ тілінде таратуды іске қосты.

Арнаның 20 елде, 14 тілде хабар тарату тәжирибесі бар.

Бүгінігі күні «Tiji» қазақ тілінде аудиожолағы: Алма ТВ, ПРК Фермата, Қайнар Медиа (г.Талдықорган), Тералайн (Нұр-Сұлтан), ТТК (г.Теміртау), TV Commerce, Казахтелеком операторларында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button