Жаңалықтар

Әлемдік танымал балалар арналары қазақ тілінде көрсетіледі

КҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығы «М6 THEMATIQUE» (Франция) компаниясымен бірлесіп Қазақстанда алғаш рет аудиотректі қазақ тіліне ауыстыру функциясы бар TiJi арнасының трансляциясын іске қосады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Балалардың мемлекеттік тілдегі контентті тұтынуын арттыру үшін танымал балалар арналарын анимациямен қазақ тіліне аудару» жобасын іске асыру мақсатында қолға алынған.

Бұл жоба қазақ тілін кеңінен насихаттау, дамытуды жеделдету мақсатында және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Балалар жылына» орайластырылып жүзеге асырылуда.

«TiJi» негізгі міндеті балалар үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету. Телеарнаның 20 елде 14 тілде хабар тарату тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, дәл осы жоба аясында Paramount жаһандық медиа компаниясы Қазақстанда алғаш рет Nickelodeon HD телеарнасын мемлекеттік тілде көрсетеді. Телеарна 178 елде 35 тілде хабар тарату тәжірибесіне ие және 40 жылға жуық уақыт бойы әлемдегі ең танымал балалар телеарналарының бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button